Қазақстан әрдайым БҰҰ-ның идеалдарын ұстанады және БҰҰ Бас хатшысының бастамаларын қолдайды - Н. Назарбаев

;АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан әрқашан БҰҰ-ның идеалдарын ұстанады. Және біз әрқашан Сіздің бастамаларыңыз бен идеяларыңызды қолдаймыз.
None
None

Бүгін Ақордада БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунмен жүргізген келіссөздер барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы БҰҰ-ның Бас хатшысын Қазақстанда әлем үшін, қарусыздану үшін көп жұмыс жасаған біздің еліміздің досы ретінде танитынын атап көрсетті.

Осы орайда Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Бас хатшысына Аралда және Семей полигонында болып, олардың зардаптарын өз көзімен көргені үшін алғысын білдірді. «Бұлардың екеуі де бізді қатты алаңдататын жаһандық ауқымдағы экологиялық апаттар. Бұл - БҰҰ Бас хатшысының осы ауыр нысандарға жасаған тарихтағы жалғыз сапары», деді Н. Назарбаев.

Елбасы Пан Ги Мунның Семей полигоны туралы әсерлері сәуірдің 12-13-і күндері Вашингтонда өтетін ядролық қарусыздану туралы жаһандық форуммен тұспа-тұс келіп тұрғанын атап көрсетті. «Менің ойымша, біз бұл мәселені (ядролық қарусыздану - ред) өте тыңғылықты талқылауымыз керек», деді Н. Назарбаев. Сонымен қатар Президент БҰҰ-ның Бас хатшысы Орталық Азия елдерін аралап шыққандығына тоқтала келе, оның бұл сапарлардан алған әсерлері мен пікірлері өзі үшін қызықты екендігін атап көрсетті. «Барлығы ХХІ ғасырды Азияның ғасыры деп атауда. Бұл бөлікте де біздерге көптеген қызықты дүниелерді айтуға болады», деді Қазақстан басшысы.

Соңғы жаңалықтар