Қазақстан Астананың жаңа университеті алдыңғы қатарды әлемдік жоғары оқу орны болып қалыптасуына мүдделі - К.Мәсімов

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов халықаралық академиялық, ғылыми және іскерлік жұртшылықпен - Астананың жаңа университетінің даму стратегиясын талқылаған халықаралық конференция қатысушыларымен кездесті.
None
None

Кездесуге Деннис де Трей - Results for Development Institute (США) басшысы; Роальд Сагдеев - Мэриленд университетінің құрметті физика профессоры және Ғарыштық зерттеулер институтының (АҚШ) құрметті директоры; Фредерик Старр - Орталық Азия және Кавказ институтының төрағасы, Пол Нитце атындағы Джонс Хопкинс Университетінің халықаралық озық зерттеулер мектебінің профессоры; Зинетолла Еңсепов - ғалым-физик, Арагон ұлттық зертханасының профессоры (АҚШ); Радж Раджагопалан - Сингапур Ұлттық университетінің профессоры; Сиддхарт Шанкер Саксена - Кэмбридж-Орталық Азия бағдарламасының төрағасы, Jesus College толық мүшесі, Кэмбридж университетінің физика профессоры (Ұлыбритания) және басқалар қатысты.

Кездесу барысында Астананың жаңа университетінің даму стратегиясы, сондай-ақ оның халықаралық консультативтік кеңесінің жұмысы туралы пікір алысылды, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Премьер-Министр Қазақстан Астананың жаңа университеті алдыңғы қатарды әлемдік жоғары оқу орны болып қалыптасуына мүдделі деп атап өтті және Үкімет оны дамытуға барынша қолдау көрсетуге әзір деп атап көрсетті. Ол сондай-ақ шетелдік әріптестерді Қазақстанмен белсенді ынтымақтасуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар