Қазақстан аумағының көптеген бөлігінде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады - синоптиктер
Қазақстанның оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ баспасөз қызметі.
Ақмола, Павлодар облыстарында кейбір жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, бұрқасын, көктайғақ болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с дейін жетіп, бұрқасындатады.
Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарында күндіз кейбір жерлерде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Жамбыл облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман болады.
Жақын тәуліктерде Қазақстанның солтүстік, солтүстік-шығыс, орталық және шығыс облыстарының су нысандарында мұз пайда болу процесі жалғасып, осыған байланысты республика шығысының жекелеген өзендерінде су деңгейлерінің көтерулері мүмкін. Республиканың қалған бөлігіндегі көптеген өзендерде су бетінің бірте-бірте салқындауы байқалады.