20:16, 29 Мамыр 2009 | GMT +5
Қазақстан ауыл шаруашылығы, машина жасау, тұрмыстық құралдарды шығару саласындағы жобаларды Беларуспен бірлесіп іске асыруға мүдделі ? Ө.Шөкеев
МИНСК. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ – Бүгін Минскіде Беларус Республикасының үкіметінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің және Беларус Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Владимир Семашконың кездесуі өтуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.В.Семашко ауыл шаруашылығы, машина жасау және басқа да салаларда Қазақстанмен сындарлы ынтымақтастыққа өз елінің даярлығын білдірді. «Тек сатып алу ғана емес, өндірісті өз елдеріңізде ұйымдастыру ниеттеріңіз түсінікті. Біздер өз тәжірибемізбен және білімімізбен бөлісуге даярмыз», ? деді ол.Ө.Шөкеев өз кезегінде Қазақстан елді индустрияландыру, инновациялық дамыту міндеттерін алға қойып отырғанын атап өтті. «Біздер ауыл шаруашылығы, машина жасау, тұрмыстық құралдарды шығару саласында Беларуспен ынтымақтасуға мүдделіміз», ? деді ол. Өзінің әріптесімен кездесу алдында Ө.Шөкеев «Атлант» ЖАҚ кәсіпорнында болды. Кәсіпорын біздерге өзінің осы аттас тоңазытқыштарын шығарумен танымал. «Біздер осындай өндірісті, қуаты жылына 250 мың тоңазытқышты шығаруды Қазақстанда ұйымдастыруға мүдделіміз және ынтымақтасу нұсқаларын талқылауға даярмыз», ? деді Ө.Шөкеев белорустық вице-премьерге.Оның айтуынша, бүгін нақтылы бағыттар бойынша Астанада өндірісті сатып алу және ұйымдастыру бойынша беларустық кәсіпорындармен меморандумға қол қойылады. Ол сонымен қатар, меморандум келісімшарттарға айналуы тиіс екенін атап өтті. «Біздің мақсатымыз ? осындай», ? деді Қазақстанның бірінші вице-премьері. Кездесу одан әрі жабық есік жағдайында өтті.