Қазақстан автомобиль экспортында рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан машина жасаушыларының V форумында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек еліміздің машина жасау саласы дамуының 8 айлық қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«8 айдың қорытындысында осыған дейінгі жылдарды қоса алғанда шығарылған машина жасау өнімдерінен артық өнімді экспортқа жөнелттік. Негізінен олар Беларусь, Тәжікстан, Ресей және Қытай нарықтары. Машина жасау секторының жалпы құны 90 млрд теңгеден асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 есеге артық», - деп атап өтті ол.
null 

Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек елімізде электр энергиясымен жүретін машина жасау саласында да айтарлықтай өсім бар екендігін айтты. Бұл салада өндіріс көлемі 74 млрд теңгеден асып жығылды. Жалпы машина жасау саласында өндірілген өнімнің құны 550 млрд теңгеден көп. Өндіріс өсімі - шамамен 6 пайыз.
null 

«Өндіріс өсімі бұл нарықтағы «Қайнар АКБ», «Кентау трансформатор зауыты» сынды ірі ойыншылардың өнім шығару көлемін еселей түсуге мүмкіндік берді. Атап айтқада, электртехникалық қорғасын-қышқыл аккумлятор өндірісі 38,8 пайызға артып, 1 млн 300 мың данаға жетті. Трансформатор шығару екі есеге жуыққа ұлғайды. Темір жол машиналарын жасау секторында да қарқынды даму байқалады», - деді министр.

 

Соңғы жаңалықтар