«Қазақстан барысы» турнирінің аймақтық іріктеу кезеңі басталады

Оған Ақсу ауданының Суықсай, Арасан, Көшкентал және Қапал ауылдық округтерінің 1994-1999 жылдары туылған жасөспірімдері мен жасы 18-ден асқан азаматтары қатысады.
«Қазақстан барысы» жобасының мақсаты - партия қызметінің негізгі бағыттарының бірі - жастардың денсаулығы мықты болып өсуіне ықпал ететін салауатты өмір салтын қалыптастырып, дене тәрбиесі мен спортты өркендету.
Партия осы жобаны дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі тігілген «Қазақстан барысы» қазақ күресі республикалық турнирін ұйымдастыруды қолға алды.
Бұл жобаның бірнеше міндеттері бар. Ұлт денсаулығын нығайту және жастарды спортқа баулуды бұқаралық сипатқа айналдырып, кешегі тау көтерген толағайдай алып та, батыр бабаларымыздың өр рухымен жігерлендіріп, халқымыздың салт-дәстүрін өркендету. Бұл жоба, сонымен қатар, талантты жігіттерді, оның ішінде ең алдымен ауыл жастарын қолдап, оларға әлеуметтік жақсы жағдай туғызуға серпін береді.