20:54, 07 Сәуір 2010 | GMT +5
Қазақстан Байқоңырдан ұшырылатын Ресей мен Украинаның коммерциялық жобаларына қатысуға мүдделі - Н. Назарбаев
СТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран тасымалдағыштардың ұшырылымы жүзеге асырылатын Ресей мен Украинаның коммерциялық жобаларына қатысуға мүдделі. Бұл туралы бүгін Ақордада Украина Президенті Виктор Януковичпен болған келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлдімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл мәселе бүгінгі келіссөздер барысында егжей-тегжейлі талқыланған және жауапты мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілген.