Қазақстан бейбіт атомды қауіпсіз игерудің үш әмбебап қағидатын ұсынады-Н. Назарбаев

ТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа жұмыс сапары аясында кеше, 22 қыркүйек күні ядролық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі отырысқа қатысып, сөз сөйледі.
None
None

Ең алдымен Қазақстан Президенті шараны ұй­ым­дастырушыларға, әсіресе БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мыр­за­ның жеке өзіне ядролық қауіп­сіз­дік мәселелері бойынша пікір ал­масуға мүмкіндік берген шақыру­лары үшін ризашылығымды білдірді.

Сосын Н. Назарбаев ядролық қауіпсіздік мәселелері өзінің Қазақстан Президенті қызметіндегі басты тақы­рып­тардың біріне айналғандығын айрықша атап көрсетті. Бұл орайда Елбасы ядролық қауіпсіздікті үш бір­лік­тің тұтас бір құрылымы ретінде қарастыратынын айтты. «Біріншісі - проб­лемалардың әскери-саяси аспекті. Ол адамзатты ядролық қару­дан қорғаумен байланысты. Екіншісі - ықтимал ядролық терроризмге қарсы іс-қимыл. Үшіншісі - атом энерге­тика­сы­ның қауіпсіздігі», - деді Қазақстан Президенті.

«Бірінші мәселе бойынша біздің ұстанымымыз өзгеріс­сіз қалады - ядросыз әлемге қарай қадам тарихи мақсат болып табылады. Ал таяу болашақта ядролық державаларды ядросыз мемлекеттерге қатысты ядролық қаруды қолданбау және онымен қоқан-лоққы жаса­мау­ға міндеттейтін конвенция қа­был­дау қажет. Ядросыз әлемге бағыт ұстануда ядролық қауіпсіздіктің жаңа амалдарын іздестіру маңызды міндет болып табылады. Халықаралық-құқықтық нор­ма­ларды де-факто ядролық мем­ле­кеттердің бар екендігі шын­ды­ғымен сәйкес келтіруді қағидатты маңызды санаймын. Бақыты­мыз­ға орай, әзірше әлем ядролық тер­роризм проблемасымен бетпе-бет келе қойған жоқ», - деді Қазақстан басшысы. Ядролық қатердің бақылаусыз таралуының аса үлкен тәуекелі ядролық тех­нологиялардың «қара» базарына қатысушы мемлекеттермен бай­ла­нысты болуы ықтимал. Бұл жерде мәселе Ядро­лық қаруды таратпау туралы шарт­қа тексеру жүргізуге қатыс­ты ғана емес, мәселе қатысушы мемлекеттердің оны нақты сақ­тау­ында болып отыр. Әлемдегі соңғы оқиғалар біздің іс жүзінде ядролық энергетиканы пайда­лану­дың сапалық жаңа кезеңіне жақын келгенімізді айғақтайды», - деде Мемлекет басшысы.

Н. Назарбаев осымен байланысты Қазақстан бейбіт атомды қауіпсіз игерудің үш әмбебап қағидатын ұсынатынны жеткізді.

Біріншісі - атом энергетика­сын дамыту саласындағы жалпы планетарлық басқару тетіктерін жетілдіру қажет. Бүкіл әлемде ядролық нысандар қауіпсіздігінің қазіргіден де тиімдірек жүйесін құру ұтымды. Атом энергетикасы нысандары қауіпсіздігінің біртекті, барынша қатаң және халық­аралық тұрғыдан танылған стан­дарттарын жасау өте-мөте ма­ңызды. Осы қағидаттарды қатаң сақтамайтын әлемдегі бірде-бір АЭС-ті пайдалануға жіберуге бол­майды. АЭС-тердің басқару және қорғаныс жүйелеріне МАГАТЭ-нің бақылауымен және тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүйелі түрде стресс-тесттер өткі­зіп тұруды міндеттеу оңды іс болмақ.

Екінші мәселе ретінде Нұр­сұлтан Назарбаев атомдық төтен­ше жағдайларға дер кезінде қайы­рыла алатын нақты, жал­пы­ға ортақ қағидаттар мен тетіктер қажеттігін көлденең тартты. Әлем­дегі аса ірі техногендік апаттарға көбінесе табиғи катаклизмдер себеп бола бастады. Сондықтан Жер ша­рындағы табиғи және антропогенді үдерістерге жаһандық мониторинг жүйесін енгізген жөн. Ол үшін жергілікті ландшафтты, логистиканы, демографиялық кар­таны есепке ала отырып, әлемнің әр аймағы үшін дағдарысқа қайырылудың сценарийін жасау керек.

Қазақстан басшысы қауіпсіз бейбіт атомды игерудің үшінші әмбебап қағидаты ретінде яд­ро­лық нысандардағы тіпті қандай да бір болмашы кінәраттар жө­нін­де әлемдік қоғамдастықты уа­қыт оздырмай және толық кө­лемінде хабардар етіп отыру қажеттігін атады. Жаһандық радиофобия жағдайында шынайы ақпараттар негізінде жұртшы­лық­тың ядролық энергетикаға сенімін нығайтудың қағидатты ма­ңызы бар. Ядролық энергетикада ежелгі құқықтық қағидаттарды - «шындықты, тек қана шындықты және барлық шындықты» айту қағидаттарын басшылыққа алып отыру қажет.

Сөзінің тоқетеріне қарай Нұр­сұлтан Назарбаев осыдан 20 жыл бұрын - 1991 жылдың 29 тамы­зында өзінің Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигонын жап­қанын жария етті. БҰҰ Бас Ас­самблеясына Қазақстанның Семей полигонының жабылу күнін Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялау туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін риза­шы­лығын білдірді.

Елбасы біздің еліміздегі барлық ядролық нысандар МАГАТЭ-нің толық бақылауында және кепілдігінде екенін атап көрсетті. Президент Қазақстан атом өнер­кә­сібін дамытуды жалғастыра отырып, біз ядролық-отындық цикл­дың - уран өндіруден ядро­лық отын дайындауға дейінгі ара­лықтағы циклдың - вертикалды-интеграцияланған компаниясын құруды жоспарлап отрығанныи жеткізді. «Қазақ­стан МАГАТЭ туының астында төмен байытылған уранның халықаралық банкін құру арқылы таратпау режімін нығайтуға үле­сін ұлғайта түсуге дайын», - деп мәлімдеген Қазақстан Президенті еліміздің аталған банкті өз аумағында орналас­ты­ру­ға құлықты екенін тағы да жеткізе отырып, Қазақстанның бас­та­масы қолдау көретініне сенім артты.

Елбасы атап көрсеткеніндей, бүгінде адамзаттың барлық ресурстарын ядролық қарудың ықтимал қолданылуының алдын-алуға, бүкіл адамзатқа оны қолданудың салдары туралы естеріне салуға, адамзат қоғамдастығының өзара іс-қимылының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуге, өзін-өзі құртудағы өзінің имманенттік ұмтылысын қанағаттандыруда адамзатқа мүмкіндік бермеуге бағыттау керек.

Нұрсұлтан Әбішұлы сөзінің соңында Бас хатшының осындай Жоғары деңгейдегі кездесу ұй­ым­дастыру идеясына ризашы­лы­ғын айтып, осында жария етілген ұсыныстар ядролық қауіпсіздік­тің жаһандық жүйесін нығайтуға ықпал етеді деп үміттенетінін білдірді.

Ескерту: Материал «Егемен Қазақстан» газетінің 23 қыркүйек күнгі нөмірінде жарияланған «Семсерден соқа соғу» атты мақаланың негізінде дайындалды.

Соңғы жаңалықтар