Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кіргенінің 20 жылдығын лайықты атап өтуге дайындалуда - Н.Назарбаев

Ю-ЙОРК. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кіргенінің 20 жылдығын лайықты атап өтуге дайындалуда. Бұл туралы Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде өткізілген брифинг кезінде хабарлады.
None
None

«Қазақстан БҰҰ мүшесі болған жиырма жыл бұрынғы оқиға, біздің халықтың өміріндегі елеулі оқиға болды. Ол оқиға ерекше маңызға ие, сондықтан оны еліміз лайықты атап өтуге дайындалуда», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы атап өткендей, осы жылдар ішінде Қазақстан БҰҰ Жарғысын бұлжытпай ұстанып, барлық бітімгерлік операцияларға, интеграциялық процестерге араласты. Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер съездін өткізу бастамасын көтерді.

«Мен алғаш рет БҰҰ мінберінен қазіргі күні 29 елді топтастырып отырған Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары кеңесін, ТМД, ЕурАзЭҚ аясында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құру туралы бастама көтерген едім. Осының барлығы да қазақстандық бастамалар, және менің ойымша, біз бейбітшілік, сенім мен тыныштық үшін жұмыс жасадық. Өткен жылы біз ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, Еуропа мен Азия ынтымақтастығы, тек батыс қана емес, сонымен қатар Азия қауіпсіздігі болу үшін Атлантикадан шығысқа дейін қауіпсіздік жайлы маңызды бастама көтердік.Осының барлығы бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін жұмыс істейді деп ойлаймын, Ұйым осы үшін де құрылған болатын», - деп атап өтті ҚР Президенті.

Н.Назарбаев атап өткендей, Қазақстан әлемдегі ең ірі ядролық полигонды жауып, әлемдегі ең ірі деген ядролық қару-жарақтан бас тартып, ядролық қарусыздандыруға бағаланбас үлес қосты.

Соңғы жаңалықтар