17:59, 17 Сәуір 2013 | GMT +5
Қазақстан бірлескен кәсіпорындарды құруға әрқашан дайын - С. Ахметов
АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Машина жасаушылардың форумында Үкімет басшысы Серік Ахметов Қазақстан бірлескен кәсіпорындарды құруға әрқашан дайын екендігін ерекше атап өтті.
«Біз Кеден одағымен, Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында және Дүниежүзілік сауда ұйымымен әріптестікті дамытып, кеңейте береміз. Бұл еліміздің өнеркәсібі мен Үкіметі үшін үлкен сын», - деді С.Ахметов.
«Қазақстан ықпалдастық үшін әрдайым ашық, бірлескен кәсіпорындарды құруға әрқашан дайын. Және ондай өндірістер құрылып жатыр. Бүгінгі таңда Қазақстанда бизнес үшін ең қолайлы шарттар жасалған. Елімізде бизнес ашуға 1 күн кетеді. Қазақстанның салықтық шарттары аса тартымды. Мен Қазақстанда бірлескен кәсіпорындарды құруға шақырамын», - деді Үкімет басшысы.