Қазақстан болашақта Азия орталығына айналады - Хиросима префектурасы заңнамалық жиынының депутаты К. Накахара

«Ұлттық қор қаражатын инфрақұрылымды дамытуға, «ЭКСПО-2017» көрмесіне және өзге де игі мақсаттарды жүзеге асыруға бағыттау туралы шешімінің маңыздылығын атап өткім келеді.
Биылғы жазда Қазақстанға екінші рет бардым. Қызу жүріп жатқан құрылыс жұмыстары мен Астананың дамуы, балалардың жүздеріндегі күлкі көңіл қуантады. Бұл ел болашағы жарқын екенінің тағы бір дәлелі. Қазақстанның экономикалық өсімі алдағы уақытта да жалғаса беретініне сенімдімін.
Президент Н.Назарбаев өз Жолдауында атап өткендей, Қазақстан болашақта Азия орталығына айналады, жаһандық деңгейде де экономикалық мүмкіндіктері мол. Сондықтан елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастық қатынастарының ары қарай дамитынына үміттенемін.
Сөз соңында Қазақстан Президентіне мықты денсаулық, Қазақстан Республикасының ары қарай дамуына тілектеспін», - дейді Коджи Накахара.