Қазақстан болашақта «Дженерал Электрик» компаниясымен бірлесіп мұнай, газ және машина құрылысы саласында да бірлескен жобаларды жүзеге асырмақ - Қ. Келімбетов

АСТАНА. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат Айдар Оспаналиев/ - «Қазақстан болашақта АҚШ-тың «Дженерал Электрик» компаниясымен бірлесіп мұнай,газ және машина құрылысы саласында да қызмет етуі ықтимал. Біз осы сала бойынша жақын күндерде арнайы Меморандумға қол қоюымыз мүмкін. Бәлкім осы бағытта бірлескен кәсіпорын да құрармыз», - дейді «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының Басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов.
None
None
Бұл туралы ол бүгін «Дженерал Электрик» компаниясының өкілдерімен локомотив қызметін пайдалануға байланысты келісімге қол қою рәсімі барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Дженерал Электрик» сияқты есімі әлемге танымал компанияның Қазақстанға ат басын тіреуін біз үлкен жаңалық деп білеміз. Ол - әлемдегі аса ірі компания. Біз аталмыш кәсіпорынмен біршама уақыттан бері түрлі салалар бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асырудамыз. Солардың бірі осы, жаңа үлгідегі локомотив болатын. Қазір компания басшылары бірлесіп атқаратын өзге де бірқатар жобалардың бар екендігін мәлімдеп отыр. Олар мұнай мен газ, машина құрылысына байланысты. Сонымен қатар, біз болашақта медициналық құралдарды да бірлесіп дайындауымыз мүмкін. Олардың арасында суды тазалауға қатысты жобалар да бар», - деді басқарма төрағасы.
Соңғы жаңалықтар
Референдум