08:56, 07 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қазақстан болашақта ядролық қарусыз әлемді қамтамасыз ету бойынша жұмсалатын күш-жігерге айтарлықтай үлес қоса алады - Нобер Жустен
БРЮССЕЛЬ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Қазақстан болашақта ядролық қарусыз әлем құру бойынша жұмсалатын күш-жігерге айтарлықтай үлес қоса алатынына сенімдімін. Брюссельдегі Еурокомиссия ғимаратында ашылған қазақстандық қазіргі заман өнер көрмесінің ашылуында қазақстандық журналисттерге сұхбат бере отырып, Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ өкілдігінің басшысы Нобер Жустен осындай пікірін мәлім етті.
Оның айтуынша, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық арсеналдан бас тартуы, Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақтың құрылуы, өте маңызды шешім болған. «Осы шешімдермен қатар, ядролық сынақтар барысында Қазақстанның бастан кешіргенін ескере отырып Президент Н.Назарбаевтың бүкіләлемдік ядролық қарусыздандыру мен атом энергиясын бейбіт мақсатқа жұмсау туралы шешіміне әлемдік аренада қол жеткізуге барлық негіз бар», - деді Н.Жустен.