Қазақстан бүкіл Еуразия кеңістігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің жүйелі шараларын әзірлеуге үлес қоспақ

БРЮССЕЛЬ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/- Қазақстан бүкіл Еуразия кеңістігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің жүйелі шараларын әзірлеуге үлес қосуға талпынуда.
None
None

Бұл туралы Экономикалық қылмысқа жне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы Қайрат Қожамжаров Еуропарламентте жемқорлықпен күресудің қазақстандық тәжірибесін таныстыру барысында мәлім етті.

Қаржы полициясы басшысының атап көрсетуінше, Қазақстан сыбайлас жемқорлықпен күрестің пайдалы тәжірибесін жинап отыр. «Біз шетелдік әріптестерімізбен диалогқа әрқашан ашықпыз. Біз өз тәжірибелерімізбен бөлісуге, әлемнің басқа елдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарының табысты тәжірибелерін зерттеп, өзімізде қолдануға әзірміз», - деді Қ.Қожамжаров өз сөзінде.

Агенттік төрағасының айтуынша, біздің республикамыз еуропалық оң тәжірибелерді пайдалана отырып, өзінің фунтаментальды-құқықтық базасын жетілдіруге талпынуда. Осыған орай Қ.Қожамжаров, Қазақстан мен еуропалық елдердің бірлескен ынтымақтастығының жалғаса беретіндігіне үміт білдірді.

Соңғы жаңалықтар