Қазақстан БҰҰ-ның ғаламшарды дамыту жөніндегі жаһандық құжатын қолдайды - Н.Назарбаев
«Қазақстан біздің ғаламшарымызды дамыту жөніндегі жаһандық құжатты қолдайды. Тұрақты дамудың қабылданған мақсаттары елдер мен әлем халықтары үшін бұрылысты сәттерді ескертеді. Біздің саммиттің қорытынды құжаты шындығында да Жердің дамуы мен гүлденуінің жаһандық жол сілтеушісіне айналады. Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудың негізгі жауапкершілігі ұлттық үкіметтерге жүктеледі. БҰҰ-ның жаңа құжатының мақсаттары мен бағдары Қазастанның басымдықтары мен міндеттеріне толығымен сай келеді», - деді Мемлекет басшысы. ҚР Президенті өз сөзінде қазіргі заманғы сын-қатерлерге еліміздің жауабы «Қазақстан-2050» стратегиясы екендігін және оның негізгі мақсаты Қазақ мемлекетін әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосу болып саналатындығын баса айтты. «Біз 5 институттық реформа» Ұлт жоспарын жүзеге асырудамыз. Ол мемлекеттік басқару аппаратын жаңғыртуға, азаматтық және құқықтық институттардың жұмысын жетілдіруге, экономиканы одан әрі индустрияландыруға бағытталған. Бұл Азия-Тынық мұхиты өңірінен Еуропаға транзитті қысқарта отырып, көптеген елдерге игілік әкеледі. Біз Тынық мұхитын Еуропамен және Таяу Шығыспен жалғайтын темір жол және автомобиль жолдарын салу арқылы оның инфрақұрылымын қалыптастырудамыз», - деді Н.Назарбаев.