Қазақстан БҰҰ-ның Жарғысының рухында жұмыс жүргізіп және оның талаптарын бұлжытпай орындап келеді - Н.Назарбаев

Өз сөзінде Мемлекет басшысы биылғы жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылын атап атап өтетініне тоқталды. Осы уақыт ішінде еліміз БҰҰ-ның Жарғысының рухында жұмыс жүргізіп және оның талаптарын бұлжытпай орындап келеді. Семей ядролық полигоны жабылды, Қазақстан әлемдегі жаңа ядролық қарусыз мемлекеттің біріне айналды. Қазақстан Президенті бұдан 19 жыл бұрын ұсынған, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыруға қол жеткізді. Бүгінде оның жұмысына жер шары халқының тең жартысын қамтитын 29 ел қатысады. Өткен жылы Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасады. Он бір жылғы үзілістен соң алғаш рет ЕҚЫҰ-ның Саммиті Астанада өтті. Қазақстан ЕҚЫҰ мен АӨСШК-тің перспективалық әлеуетін біріктіре отырып, Еуразиялық қауіпсіздіктің бірыңғай платформасын құруды ұсынды. Биылғы жылы Қазақстан Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалықтың жауапты миссиясын қабылдады. Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі тұрақты өтіп келеді. Қазақстан бұл форумды БҰҰ-ның аясында өткізуді ұсынды. Еліміз БҰҰ-ның мыңжылдықтар дамуы мақсатын ұстанатынын көрсетті. 20 жыл ішінде халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі 14 есе өсті - 700-ден 10 мың долларға дейін жетті. Қазақстан жаһандық энергиялық-экологиялық стратегия мен «Жасыл көпір» ауқымды экологиялық бастаманы қабылдауды ұсынды.
Мемлекет басшысы сессияға қатысушылардың назарын мына төмендегі аспектіге аударды. Біріншіден, бұл жаһандық ядролық қауіпсіздік мәселесі. Қазақстан Жалпыға бірдей ядросыз әлем декларациясын әзірлей бастауды ұсынады. Барлық елдердің таратпау саласындағы міндеттемелеріне БҰҰ мен МАГАТЭ-нің құқықтық базасын кеңейтіп, халықаралық бақылауды арттыру қажет.
Барлық ядролық мемлекеттердің, ең алдымен, ядролық қаруды қысқарту және біртіндеп оның арсеналын жою жөніндегі жауапкершілігін күшейту қажет.
Сонымен қатар Президент іс жүзінде ядролық мемлекеттерден өздерінің амбицияларынан бас тартуға және тегіс қамти алатын шартқа қосылуға шақыратын әлемдік қоғамдастықтың ұжымдық үндеуін қабылдауды ұсынды.
Екінші. Экономикалық үдерістердің жаһандану деңгейінің өсуі БҰҰ-ның экономикалық қызметін құраушы парадигманың ауысу қажеттігін талап етеді. Әлемдік құрылымның валюталық және сауда-экономикалық реттеу саласындағы жұмысының басты мәні әлемдік дағдарысты болжау және оның себептерін жою болуы тиіс. Барлық құрылымдар мен қатысушылардың нақты құқықтары мен жауапкершілік нормалары, әлемдік валюта қорының тиімділігі, алыпсатарлық капиталға қатаң бақылауды реттейтін жаһандық экономикалық басқарудың тиімді механизмін құру маңызды. Бұл контексте жаһандық реттеу туралы Пакті әзірлеу идеясы өзекті.
Үшінші. Ақпараттық кеңістік - бұл сала адамзаттың болашағы үшін жер қойнауы, ауа мен су әлемі, ғарыш тәрізді маңызды. Жаһандық ақпараттық кеңістіктің халықаралық құқықтық базасын қалыптастыру қажет.
Төртінші. «Пісу» жаңа әлемдік тәртібі кикілжіңдердің арта түсуімен қабаттаса жүруде. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаевтың бұдан 19 жыл бұрын қозғалған, БҰҰ-ның бітімгерлік күштерін қорын құру туралы ұсынысы әлі де өзекті бола түсуде.
Президент БҰҰ бұдан 66 жыл бұрын «оның барлық мүшелерінің егеменді теңдік қағидатына» негізделген ұйым ретінде құрылғанын атап көрсетті. Бүгінде ішкі кикілжіңдерді реттеуге әлемдік қоғамдастықтың заңды қатысуы үшін жаңа реалийді нақты анықтау шамасын ескере отырып, мемлекеттердің ұлттық егемендігіне қатысты халықаралық құқық нормаларын жетілдіру қажет.
- Тарих адамзаттың әрбір жаңа дәуірінің алдына ауқымды міндеттер қояды. Бүгінде ең маңызды мәселе - ХХI ғасырда күрделі жаһандық трансформация арқылы лайықты жүріп өту. Барлық ұлттар арасындағы сенім мен бірлік - жаңа әділетті әлемдік тәртіптің негізі, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясының негізгі тақырыбы ретінде, жалпы мәселелер, атап айтқанда, мемлекетаралық қарым-қатынастардың құқықтық негізін нығайту, аймақтық кикілжіңдерді реттеу, жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау, жаңа қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жасау, жаһандық басқару жүйесін реформалау, орнықты дамуды қамтамасыз ету, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік, климаттың өзгеруімен күрес, т.б. қозғалды.