Қазақстан-чех бизнес-форумының ауқымында 250 млн. доллардан астам сомадағы жобаларға қол қойылады - ҚР Президенті

 ПРАГА. 23 қазан. ҚазАқпарат - 24 қазанда қазақстан-чех бизнес-форумы ауқымында 250 млн. доллардан астам коммерциялық жобаларға қол қойылады.
None
None

Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Прага Градында чехиялық әріптесі Вацлав Клауспен келіссөздерден кейін брифингіде мәлімдеді. 

«Бүгінде біздің елдеріміз арасындағы сауда шамамен 800 млн.долларды құрайды - бұл өте аз. Сондықтан да біз өзара қатынастарымыздың дамуына серпін беру, миллиардқа жеткізуге және одан әрі асыруға қол жеткізу үшін кездесіп отырмыз. Ертең қазақстан-чех бизнес-форумы болады, оның ауқымында 250 млн. доллардан астам сомаға ондаған жаңа коммерциялық жобаларға қол қойылатын болады. Бұл жақсы негіз болады», - деп атап өтті Н.Назарбаев.   

Соңғы жаңалықтар