18:08, 24 Қараша 2014 | GMT +5
Қазақстан дағдарыс құбылыстарына тыңғылықты дайын - В.Додонов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бұл жолы алдағы орын алуы мүмкін дағдарысқа тыңғылықты дайын отыр. Бұл пікірді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Нұрлы жол: Қазақстанның жаңа стратегиялық көкжиегі» атты дөңгелек үстел барысында Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов білдірді.

«Мұнай, металл, алтын құнының құлдырауы әлемдік экономиканың дағдарыс қаупіне ұшырап келе жатқандығын дәлелдей түседі. Дегенмен, Қазақстан бұл жолы дағдарыс құбылыстарына тыңғылықты дайын отыр. Қазіргі уақытта Ұлттық қорда жеткілікті резерв қалыптасты. Ол 2007 жылғы қордағы қаражаттан шамамен 5 есе артық. Бұл дағдарысқа қарсы тұруға мүмкіндік береді», - деді ол.
Сонымен қатар В.Додоновтың пайымынша, Ұлттық қордан жыл сайын 3 млрд. долларға дейін қаржы бөлу барлық әлеуметтік міндеттемелерді бақылауға алуға мүмкіндік беріп, сыртқы факторлардың теріс ықпалын төмендететін болады.