Қазақстан дағдарыстан кейінгі дамудың басқа елдерге үлгі болып отырған жаңа моделін көрсетіп отыр - ресейлік экономистер
Сәрсенбі күні Мәскеуде «Дағдарыстан кейінгі дамудың модельдері: Ресейдің мүмкіндіктері» деген тақырыпта өткен «дөңгелек үстелдің» басында Ресейдің Дағдарыста кейінгі даму институтының атқарушы директоры Екатерина Шипова осындай пікір айтты.
Е.Шипова ханымның айтуынша, сарапшылар Қазақстанның, Ресейдің, Достастықтың басқа да елдерінің жаһандық дағдарыспен күресу және ұлттық экономикалық әрі қарай сауықтыру бағытында қабылдаған шараларының тиімділігіне талдау жүргізіп шықты. «Нәтижесінде, сапалық факторлар бойынша Қазақстанның дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасы менің көңіліне қонғанын айтып өткім келеді», - деді экономист.
Бұл қорытынды бірнеше фактілерге негізделіп отыр. Біріншіден, Ресейге қарағанда, Қазақстанда дағдарысқа қарсы қаражаттарды жоспарланған мақсаттарға жеткізу үрдісі жедел және толық көлемде жүзеге асырылды. Екіншіден. Республикада экономиканың нақты секторына, оның ішінде шағын және орта бизнеске жайлы жағдай уақтылы жасалды. Үшіншіден, Қазақстанның дағдарысқа қарсы бағдарламасы, Ресейдікіне қарағанда, өзінің инновациялық және дамушы бағытымен мазмұндалады.
«Қазақстан дағдарыстан кейінгі дамудың жаңа моделін көрсетіп отыр, және оны әлемдік қоғамдастық байқамай отырған жоқ. Бүгінде бұл тәжірибе басқа да елдердің назарын аударып отыр. Осы тұрғыда Қазақстан аймақтағы көшбасшы болып табылады», деп түйіндеді өз сөзін ресейлік сарапшы.