Қазақстан дәрігерлері алғаш рет халықаралық роботтық операцияға қатысты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан алғаш рет Қытай және Франция елдерімен бірге халықаралық робот-ассисттелген операцияға қатысып, бір науқасқа үш елдің дәрігерлері бірлесіп операция жасады.

Қазақ онкология институты хирургиялық отаның Алматы қаласындағы клиникада жүргізілгенін мәлімдеді.
Операция Францияда өтіп жатқан SRS2025 халықаралық хирургиялық конгресі аясында телекөпір форматында өтті.
- Операция барысында екі күрделі жоғары технологиялы медициналық араласу жасалды. Алғашқысы - радикалды простатэктомия; екіншісі - бүйрек ісігін органды сақтай отырып алып тастау, - деп түсіндірді денсаулық сақтау ұйымынан.
Қазақстан атынан операцияға Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының (ҚазОжРҒЗИ) мамандары қатысқан.
- Бұл – отандық мамандардың кәсіби деңгейінің жоғары екенін және еліміздің халықаралық медициналық қауымдастыққа сәтті интеграцияланғанын көрсетеді, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Қазақстанда дәрігер тапшылығы азайып келеді.