Қазақстан делегациясы Иорданияда «СОФЕКС-2010» әскери-өнеркәсіп кешені көрмесі мен конференциясына қатысуда

bsp; Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат - Сейсенбі, мамырдың 11-інде Иордания Хашимиттер Корольдігінде «СОФЕКС 2010» 8-ші халықаралық көрмесі мен арнайы операциялар конференциясы ашылды.
None
None

Мамырдың 13-іне дейін жалғасатын көрмеде бірқатар шет елдердің қатысуымен Иорданияның әскери-өнеркәсіп кешені мен қару-жарақ өнімдері таныстырылуда, деп хабарлады Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігінің баспасөз қызметінен.

Аталған іс-шараларға Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков бастаған және құрамына «Қазақстан Инжиниринг» акционерлік қоғамының, «Қазарнайыэкспорт» кәсіпорнының және қорғаныс ведомствосының өкілдері кірген қазақстандық делегация қатысты.

«СОФЕКС 2010» бағдарламасының аясында Қазақстан министрі Иордания Королі Абдалла Екіншімен, сондай-ақ ел Премьер-Министрі - қорғаныс министрі Самир Әл-Рифаймен кездесті. Иордан тарапынан кездесуге Король Аббалла ІІ атындағы өндірістік-конструкторлық бюроның президенті Мояд Самана қатысты.

Министр Ә.Жақсыбеков өз сөзінде, қазақстандық делегацияның Иорданияға әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын, оның ішінде әскери кадрлар мен мамандар дайындау, қару-жарақтар мен әскери техникаларды бірлесіп түрлендіру мәселелерін талқылау үшін келгенін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар