Қазақстан депутаттары Санкт-Петерборда Парламентаралық Ассамблеялардың жұмысына қатысуда

None
None
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы мамырдың 12-13-і күндері Санкт-Петербор қаласында өтіп жатқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық Ассамблеясының (ТМД ПА), ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясының және
Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі Шарт Ұйымының Парламенттік Ассамблеясының (ҰҚШҰ ПА) парламенттік шараларына қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін Мәжіліс Төрағасының орынбасары және басқа делегация мүшелері ЕурАзЭҚ ПАА-ның, ҰҚШҰ ПА Кеңесінің және ТМД ПА-ның Бюро отырыстарына қатысты.Қазақстан Парламентінің депутаттары М.Тінікеев, Е.Тарасенко, А.Өтегенов, С.Ақылбай, Х.Валиев, Ж.Нұрғалиев және А.Савченко ЕурАзЭҚ ПАА-ның және ТМД ПА-ның тұрақты комиссиясының жұмыстарына атсалысты.
Соңғы жаңалықтар
telegram