13:26, 02 Наурыз 2012 | GMT +5
Қазақстан дінаралық әрі мәдениетаралық диалогты дамыту идеясының жақтаушысы болып қала береді - Мемлекет басшысы
АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан дінаралық әрі мәдениетаралық диалогты дамыту идеясының жақтаушысы болып қала береді.

Бұл туралы бүгін Ақордада елімізде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен кездескен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Қазақстан дінаралық әрі мәдениетаралық диалогты дамыту идеясының жақтаушысы болып қала береді. Оның қазіргі заманғы әлемдегі мәні тек қана өседі, - деді Елбасы.
Осы орайда Н.Назарбаев ағымдағы жылы елордада 4-ші әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтетіндігін еске салды. «Біз бұл форумға барлық діндердің өкілдерін, әртүрлі елдердің саясаткерлерін, қоғам қайраткерлерін шақырдық. Алдағы форумның сәтті өтетіндігіне сенімдімін және біз әлемдегі мемлекет, үкімет басшыларының, діни қайраткерлердің зор қызығушылық танытып отырғандығын көрудеміз», - деді Мемлекет басшысы.