18:06, 26 Қазан 2009 | GMT +5
Қазақстан діндер арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі үлгі мемлекет болып табылады - Мәскеу Патриархының және бүкіл Рустің викариі Иларион
МӘСКЕУ. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Нарымбек Исмағұлов/ - Қазақстан діндер арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамытудағы өз тәжірибесін басқа елдерге тарата алатын үлгі мемлекет болып табылады.

Бұл жөнінде бүгін Русь Православ шіркеуінің сыртқы істер бөлімінің төрағасы, Волоколам Архиепископы, Мәскеу Патриархының және бүкіл Рустің викариі Иларион ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
«Қазақстан діндер арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамытудағы өз тәжірибесін басқа елдерге тарату жөніндегі үлгі мемлекет болып табылады. Бұл негізінен қазақстандық биліктің және Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айырықша еңбегі», - деді ол.
Өз кезегінде Қ.Тоқаев Ресейдегі және Қазақстандағы конфессияаралық қатынастардың дамуын оң бағалады және осы тәжірибені бүкіл әлемге, ең алдымен ТМД кеңістігіне тарату қажеттілігіне сенім білдірді.