13:02, 06 Мамыр 2013 | GMT +5
Қазақстан Дубайдағы «Arabian travel market» көрмесіне қатысады
ӘБУ-ДАБИ. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Дубайда өтіп жатқан «Arabian travel market» беделді туристік көрмеге қазақстандық делегация да қатысады.

Биыл Таяу Шығыстағы туризм саласына арналған ең беделді көрме өзінің 20 жылдығын атап өтуіне байланысты 87 елден 2500-ден астам компанияны шақырып отыр. Олардың арасында Қазақстан да бар. Еліміздің атынан бұл көрмеге ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің өкілдері мен бірқатар отандық туристік компаниялар барды.
Көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Reed Travel Exhibitions» компаниясының президенті Марк Уолш 2013 жылы Таяу Шығыстағы туризм саласының дамуы оң нәтиже беретіндігін атап өтті.
Аталған туристік көрме 9 мамырға дейін жалғасады.