Қазақстан Дүниежүзілік банктің «Бизнесті жүргізу 2013» рейтингінде 49-орында тұр

АЛМАТЫ. 23 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағында бизнесті жүргізуді оңтайландыруда жоғары нәтижеге жеткен 10 елдің қатарына енді.
None
None

Бұл туралы бүгін Алматыда жарияланған Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясының   «Бизнесті жүргізу 2013» рейтингі туралы бірлескен баяндамасында айтылды.

«Бизнесті жүргізу рейтингінде 183 ел қамтылды. Оны Дүниежүзілік банк 2004 жылдан бері жариялап келе жатыр. Онда қолайлы бизнес ахуалдың бәсекеге қабілеттілік, әртаптандыру мен жаңа жұмыс орындарын құрудағы маңызы атап көрсетіледі. Баяндама ең алдымен болашаққа көз жүгіртеді, мемлекеттер өздерінің бәсекеге қабілеттігін көтеруде не істеуі үшін», - дейді Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Сародж Кумар Джа. Оның айтуынша, ешқандай да реформалар саны компаниялардың әлеуетін аша алмайды. Егер ол қағаз жүзінде қалатын болса. Сондықтан жазылған заңдар мен кәсіпкерлік қызметті реттеу тәжірибесі арасындағы алшақтықты жоюға қоғам мен билік белсенді атсалысуы керек. Дүниежүзілік банк Орталық Азия елдерінің үкіметтерімен олардың қолайлы кәсіпкерлік құру әрекеттеріне қолдау көрсетудегі ынтымақтастықты одан ары жалғастыруға ынталы.

Соңғы жаңалықтар
Референдум