Қазақстан е-үкіметтің даму индексі бойынша Орталық Азия елдері арасында көшбасшы атанды

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан электрондық үкіметтің дамуы бойынша БҰҰ рейтингінде әлемнің 190 мемлекетінің арасынан Орталық Азия елдерін артта қалдырып, 38-ші орынға шықты,
None
None

деп хабарлады pm.kz сайты.

ҚР-дағы электрондық үкіметтің дамуы БҰҰ тарапынан жоғары бағаланды. БҰҰ-ның электрондық үкіметке жаһандық дайындық жөнінде жүргізетін жыл сайынғы рейтингісінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан 2010 жылғы 46-шы орыннан 36-шы орынға көтерілді.

Азия өңірі бойынша  2011 жылы Қазақстан осы көрсеткішке сәйкес, Малайзия (8-ші орын) мен Сауд Арабиясын (9-шы орын) озып, 7-ші орынға шыққан. Орталық Азия елдері арасында біздің еліміз көш бастап тұр. 

Айта кетейік, электрондық үкіметтің даму индексі онлайн-қызметтер, телекоммуникациялық инфрақұрылым және адам капиталының даму көрсеткіштерінен тұрады. Атап айтсақ, «онлайн-қызметтерді дамыту» индексі бойынша Қазақстан рейтингте 24-ші орынан 14-ші орынға шыққан. Осы көрсеткіш бойынша Ресей 26-шы, Малайзия 13-ші орынға ие.

БҰҰ-ның есебінде  қызметтер туралы заң, ережелер, ақпараттың қолжетімділігін бағалайтын, азаматтар мен үкімет арасындағы өзара іс-қимылды, азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын бағалайтын  е-қатысу индексінің нәтижелері көрініс тапқан.

Бұл рейтингте Қазақстан 2010 жылмен салыстырғанда 16 бағамға алға жылжып, Сингапурмен 2-ші орынды бөлісті. Бұл рейтингті Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Австралия, Эстония мен Германия сияқты елдер жалғастырады.

Соңғы жаңалықтар