Қазақстан экономикасы 7 пайыздан астамға өсетін болса, бұл үдеріс нарықтағы кезекті «көпіршікті» туындатуы ықтимал - Үкімет басшысы

А. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің пайымдауынша, Қазақстандағы ішкі жалпы өнім 7 пайыздан астамға өсетін болса, бұл үдеріс экономикадағы кезекті «көпіршікті» туындатуы ықтимал,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің ұстанымым мынадай: экономиканың 7 пайыздан астамға өсуі қауіпті. Себебі, бұл кезекті «көпіршікті» туындатуы ықтимал. Сондықтан, біз экономиканың 7 пайызға дейін өсуін ынталандыратын боламыз. Ал, егер өсім 7 пайыздан асып кететін болса, онда оны тежеу қажет», деді Премьер-Министр бүгін «Нұр Отан» партиясының ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген жиналысында депутаттардың сауалына жауап қайтару кезінде.

Үкімет басшысының айтуынша, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы, шағын және орта бизнесті дамыту шаралары - бұлардың барлығы ел экономикасының кезекті өсімін қамтамасыз ету үшін жасалып отырған дүниелер. Алайда, Үкімет бұрынғыдай құрылыс, қаржы секторындағы «көпіршіктердің» туындауына жол бермейтін болады.

«2000-ші жылдан 2007 жылға дейінгі аралықта біздің экономикамыз жылына 9-10 пайыз деңгейінде өсті. 2007 жылы 8,3 пайыз, 2008 жылы жаңылмасам - 3,1 пайыз, 2009 жылы - 1,1 пайыз болды. Сонымен бір мезгілде, экономикасын біздікімен салыстыруға болатын, экспортының құрылымы ұқсас бірқатар көрші елдеріміздің экономикасы 9 пайызға дейін құлдырады. Бір елдердің экономикасы 30 пайызға дейін құлдырады. Мемлекет басшысының дұрыс саясатының арқасында, Қазақстан экономикасы өткен жылы құлдыраған жоқ, керісінше 1 пайыздан астамға өсті», деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар