Қазақстан экономикасы посткеңестік бірқатар елдерден озып келеді - UFS Investment Company компаниясының бас директоры

Журналистермен болған кездесуде Беларусь Республикасы мен ТМД елдеріндегі инвестициялық бизнесті дамыту, экономикаға инвестициялар тарту, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру мәселелері, сондай-ақ елдердің халықаралық заем нарықтарына шығу перспективалары сөз болды.
ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген UFS Investment Company бас директоры Е.Железнова ханым ТМД елдерінің секторы, оның ішінде ең алдымен Қазақстан компанияның стратегиялық бағыттары болып табылатынын атап көрсетті. «Қазақстан экономикасы посткеңестік кеңістіктегі бірқатар елдерден озып отыр. Елде бірқатар экономикалық реформалар дер кезінде жүргізілді, сондықтан да республика инвесторлар үшін, оның ішінде несие нарқының инвесторлары үшін тарымды болып табылады. Осыған орай, біз алдағы күзде республикада өз өкілдігімізді ашуды жоспарлап отырмыз», - деп атап көрсетті Е. Железнова.
UFS инвестициялық компаниясы - халықаралық инвестициялық компания. Оның АҚШ, Ресей Федерациясы және т.б. бірқатар елдерде еншілес инвестициялық компаниялары, сондай-ақ Англия мен Сингапурде өкілдік кеңселері бар.