Қазақстан экономикасы Украина экономикасына теңдесті - ҚР Президенті

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева/ - Қазақстанның экономикасы Украина экономикасына теңесті,
None
None

деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетінің жаңа кеңсесінде өткен БАҚ өкілдерімен кездесуде.

«Биыл Қазақстан экономикасының көлемі Украина экономикасымен теңдесті. Міне, қараңыз. Украина 50 миллионға жуық халқы бар экономикалық әлеуеті үлкен ел, Ал Қазақстан онымен теңесіп тұр», - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы біздің еліміз жылды аз да болса табыспен аяқтағалы отырғанын атап өтті. «Мүмкін, бұл нәтижелер онша көп болмас, бірақ, аз да болса өсім бар. Ал бұл дағдарыс жағдайында, көптеген елдерің экономикасы күйреп жатқанда,  үлкен жеңіс, асыра айтқаным емес», - деді Президент.

Соңғы жаңалықтар