Қазақстан ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы кезінде сірескен дау-жанжалдарды шешуге өзіндік үлесін қоса алады - сарапшы В. Сокор

анның 28-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Джеймстаун қорының сарапшысы Владимир Сокордің пікірінше, Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық (ЕҚЫҰ) ұйымына төрағалығы кезінде трансұлттық дау-жанжалдарды шешуге өзіндік үлесін қоса алады.
None
None

Ол бұл пікірін бүгін Астанада өтіп жатқан «Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы: қатерлер мен мүмкіндіктер» атты халықаралық конференцияда білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, ЕҚЫҰ соңғы жылдары көптеген трансұлттық дау-жанжалдарды шешуге қатысқанымен, оларды тиімді шешуде айтарлықтай табысқа жете алмады.  Бұлар Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы уақытында ауыр мұралар болады. Сондықтан, Қазақстан Ұйымға төрағалығы кезінде бұндай  күрделі мәселелерді шешіп, оң нәтижеге қол жеткізуге тырысуы керек, жағдайды жақсартуға ұмтылуы қажет.

В. Сокордің пайымдауынша, Қарабақтағы, Осетиядағы, Абхазиядағы дау-жанжалдар ендігәрі  ішкі қоғамдық дау-жандалдар болып табылмайды. «Олар тоқсаныншы жылдардың басында қоғамның ішінде басталғанымен, мемлекеттераралық дау-жанжалдарға тез ұласып кетті. Оларға қырағы қараған жөн. ЕҚЫҰ осы жылдар ішінде осы проблемаларды тиімді шеше алмады. Қазақстан Ұйымға төрағалық жасайтын кезеңде жағдайды айтарлықтай жақсартып жібере алады деп күту әділетсіз болар еді. Алайда, Қазақстан төраға ретінде аталмыш жағдайлардың жақсаруына өзіндік үлесін қоса алады», деді ол.

Соңғы жаңалықтар