Қазақстан ЕҚЫҰ кеңістігінде этникааралық толеранттылықты нығайтуда, бейбітшілік пен келісімді сақтауда маңызды роль атқарады - Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Турбьёрн Ягланд
Қазақстан Елшісі ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі атынан Еуропа Кеңесінің Бас хатшысына ағымдағы жылғы шілденің 16-17-сі күндері Алматы қаласында өтуі жоспарланған ЕҚЫҰ қатысушы-елдері сыртқы істер министрлерінің бейресми кеңесі қарсаңында Астанаға келуге, сондай-ақ ЕК, НАТО, ҰҚШҰ, ТМД және ЕҚЫҰ басшыларының қатысуымен өтетін кездесуге қатысуға ұсыныс жасады.
Еуропалық Кеңес басшысы ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысуға дайын екенін қуаттады. Оның пікірінше, бұл еуропалық құрылымдармен, атап айтқанда ЕҚЫҰ, Еуропалық Парламент, Еуропалық комиссия және тағы да басқа институттар арасындағы ықпалдастықты нығайтуда алаңды пайдаланып қалуға мүмкіндік береді.
«Біз ЕҚЫҰ, Еуропалық Кеңес, Еуроодақпен болатын ықпалдастыққа сенеміз және де шын мәнінде ілгерілеушілікті көріп отырмыз», - деп атап өтті Т.Ягланд.