Қазақстан ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде өңірлік қауіпсіздікке айрықша назар аударуда - Үкімет басшысы
«Қазақстан бірінші кезекте нарықты өнімдермен қамтамасыз ету үшін мұнайды жеткізушілердің, тұтынушылардың және тасымалдаушылардың жалпы мүдделерін назардан тыс қалдырмайды. Осыған сәйкес, мұнай өнімдеріне деген сұранысты қамтамасыз ету тұрғысында Қазақстан мұнайды сенімді әрі қауіпсіз жеткізуші ретінде өзінің рөлін қолдайды. Осы орайда Қазақстан ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде көмірсутектерідің жеткізіліміндегі тосқауылдардың алдын алу үшін өңірлік қауіпсіздікке айрықша назар аударады» деп атап өтті К. Мәсімов.
«Тағы бір маңызды мәселе - ол жеткізілімнің әртараптандырылуын қамтамасыз ету. Бұл бағытта Қазақстан экспорттық каналдарды әртараптандыру стратегиясын толығымен орындауды міндетке алып отыр», деп атап көрсетті Үкімет басшысы.
Бұл тұрғыда Премьер-Министр өткен жылы Қазақстан-Қытай мұнай құбырының іске қосылғанын, сондай-ақ Каспий көлік жүйесін дамыту бойынша тиісті шаралар іске асырылып жатқандығын жеткізді.