Қазақстан Елшілігі KEGOC-тың Орталық Азия бірлескен энергетикалық жүйесінен шығу құқығы туралы мәлімдеді

Қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің хабарлауынша, «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі ұлттық компаниясының ақпаратына сай, соңғы уақыттары Орталық Азия бірлескен энергетикалық жүйесінен энергияны, атап айтқанда Тәжікстанның келісімшартсыз алуы байқалып отыр. Электр энергиясын пайдалану режимінің теңгерімсіздігі салдарынан, Орталық Азия бірлескен энергетикалық жүйесі параллелді жұмыстарының негізгі қағидаларының бұзылуынан Орталық Азия бірлескен энергетикалық жүйесіне енетін барлық энергетикалық жүйелердің диспетчерлік жүйелерді қатаң сақтауды және сальдо-перетогын келісуді қамтамасыз ету жөнінде бірнеше рет ескертілгеніне қарамастан, тәжік энергетикалық жүйесі электр энергиясын келісімшартсыз алуға жүйелі түрде жол беруде».
Қазақстан Республикасының Бішкектегі Елшілігінің мәлімдемесінде параллелді жұмыстардың қамтамасыз етілуінің одан әрі бұзылуын болдырмау, Солтүстік-Оңтүстік транзитінің үзілуіне жол бермеу үшін Қазақстанда ҚР бірыңғай электр жүйесінің оңтүстік өңір сызбасы құрылатыны айтылған. Тәжікстан энергия жүйесінде орын алып отырған теңгерімсіздікті жою бойынша тез арада іс-шаралар қабылданбаса, сондай-ақ «KEGOC» АҚ параллелді жұмыстарының негізгі шарттарын барлық энергия жүйелері сақтамаған жағдайда Орталық Азия бірлескен энергетикалық жүйесінен шығу құқығын өзінде қалдырады.