09:02, 12 Наурыз 2009 | GMT +5
Қазақстан елшісі Б.Шабарбаев Пәкістан Премьер-министрінің кеңесшісі Ш.Таринмен кездесті
АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат - ІІ Астана экономика форумының қарсаңында Қазақстан Елшісі Бақытбек Шабарбаев Исламабадта Пәкістан Премьер-министрінің қаржы және экономика жөніндегі кеңесшісі, елдің Қаржы министрлігі мен Экономика және статистика министрліктерінің басшысы Шауқат Таринмен кездесті.
Әңгіме барысында экономика, қаржы және сауда саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша пікірлер алмасылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақстандық дипломат еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы хабардар етіп, Үкімет қабылдап жатқан дағдарысқа қарсы шаралармен таныстырды. Шауқат Тарин мырзаға Қазақстан Республикасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыс кілті» мақаласы, сондай-ақ Елбасының бастамашылығы бойынша құрылған Алматы аймақтық қаржылық орталығы туралы мәліметтер табыс етілді. Кездесу барысында «Жаһандық тәуекелдер жүйесіндені Еуразияның экономикалық қауіпсіздігі» тақырыбына арналған ІІ Астана экономикалық форумының өзектілігі атап көрсетілді. Тараптар, бұл форумның әлемдік дағдарыстан шығу мәселелері бойынша жоғары деңгейде пікірлер алмасып, ұсыныс-кеңестер әзірлеуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Қол жеткізілген келісімге сәйкес, ІІ Астана экономикалық форумының жұмысына Пәкістанның Ұлттық банкінің атқарушы директоры Асад Куреши мырза қатысты.