Қазақстан Елшісі беларус жоғары оқу орындарымен танысуды Басқару академиясынан бастағалы отыр

МИНСК. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Беларустағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Смирнов ертең, маусымның 4-інде Беларус Республикасының Президенті жанындағы Басқару академиясында болып, беларустық жоғары оқу орындарының тыңдаушыларымен және студенттерімен жүздеседі,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап. Бұл туралы аталған жоғары оқу орны баспасөз орталығының директоры Юрий Зайцев мәлімдеді.Жоғары оқу орнының ректоры Анатолий Морозевичпен кездесуде бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру тақырыбы қозғалмақ, ал Мемлекеттік қызмет институты мен Жоғары басқару кадрлары институтының тыңдаушылары Елшіге тікелей сұрақ қоя алады, сондай-ақ осында ашылған фотокөрмеде болып, қазіргі Қазақстанмен жан-жақты танысады. Басқару академиясы Қазақстан Елшілігімен 2006 жылдан бері ынтымақтасып келеді, деп атап көрсетті Юрий Зайцев. Жыл сайын бірлескен семинарлар, ғылыми-практикалық конференциялар өткізіліп келеді. Сондай-ақ бейіндік жоғары оқу орны-әріптесі ? Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен тығыз ынтымақтастық орнатылған. Екі елдің жоғары оқу орындары ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылған 2001 жылдан бері өзара іс-қимылды жалғастыруда. Беларус пен Қазақстанда өткізіліп жүрген семинарлар және ғылыми-практикалық конференциялар дәстүрге айналды, мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және кәсіби біліктілігін арттыру жөнінде тәжірибе алмасу жолға қойылған. Қазақстандық дипломат бұдан кейін жақын күндері Беларус мемлекеттік агротехникалық университеті мен Беларус мемлекеттік мәдениет және өнер университетінде болуды жоспарлауда.
Соңғы жаңалықтар