Қазақстан Елшісі БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының аймақтық өкілімен кездесті - Ташкент

Кездесу барысында Б.Жексембин БҰҰ басқармасымен ынтымақтастықтың аясында Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан аймақтық жобалар туралы, атап айтқанда «Орталық Азияда прекурсорларды бақылау», «Орталық Азияда сот-медициналық зертханаларға консультативтік көмек көрсету», «Қазақстанның жекелеген бақылау-өткізу бекеттерінде есірткіні бақылау және қылмыстың жолын кесу саласындағы мүмкіндіктерді жетілдіру», және т.б. жобалар туралы баян етті.
М.Каримипур өз кезегінде, БҰҰ-ның аймақтық құрылымының жұмысына белсенді атсалысып отырғаны үшін Қазақстанға алғыс білдірді және қызметі есірткі заттарының, еліткіш заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымымен күресуге бағытталған Орталықазиялық аймақтық ақпараттық-үйлестіру орталығының маңызын ерекше атап көрсетті.