Қазақстан Елшісі Душанбеде Қазақстаннан әскер қатарына шақырылған Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен кездесті

АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат - Душанбеде Ұлы Жеңістің 65 жылдығына байланысты Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Әбутәліп Ахметов соғыс жылдары әскерге Қазақстаннан шақырылған Ұлы Отан соғысының қазақстандық ардагерлерімен кездесті, деп хабарлады Елшіліктің баспасөз қызметінен.
None
None

Ә.Ахметов ардагерлерді осынау атаулы күнмен құттықтады және Отанымыздың азаттығы мен тәуелсіздігін қорғап, өскелең ұрпаққа бейбітшілік сыйлағандары үшін олардың үлкен құрметке лайық екенін атап көрсетті.

«Бүгінде, тағдырдың жазуымен Сіздер Тәжікстанда тұрып жатырсыздар, бізді шекара бөліп тұр, бірақ сіздердің Отан алдындағы ерліктеріңіз қазақстандықтардың жадында сақталады, ал сіздердің ұрпақтарыңыз өз ата-бабаларын әрқашан мақтан тұтатын болады», - деп атап көрсетті дипломат өз сөзінде.

Әрбір ардагерге қаржылай көмек көрсетілді. Осындай рәсім Тәжікстанның Ходжант қаласында тұрып жатқан қазақстандық ардагерлердің құрметіне де өткізілді.

Соңғы жаңалықтар