Қазақстан Елшісі Ерік Өтембаев Люксембургтің Ұлы Герцогіне сенім грамотасын табыс етті

СЕМБУРГ-БРЮССЕЛЬ.   Қазанның  30-ы.  ҚазАқпарат /Ержан  Оспанов/  - Қазақстанның  Төтенше және  Өкілетті    Елшісі Ерік  Өтембаев   бейсенбі күні   Люксембургтің  Ұлы Герцогі Анриге  сенім  грамотасын табыс етті.
None
None

Герцог   сарайында  өткен қабылдаудың барысында түрлі саладағы  екіжақты      іс-қимылдардың    нәтижелері мен    перспективаларына, Қазақстанның  ЕҚЫҰ-ға  төрағалығына  қатысты  пікірлер  алмасылды.   Люксембург  монархы әсіресе  қаржы  саласындағы  ынтымақтастықты  кеңейтудің мүмкіндіктеріне айрықша назар  аударды.  Елші,  сондай-ақ     орнықтылық  пен  даму  үшін  құрылған  Қазақстанның   ұлттық қорларының,   сондай-ақ  Ресей, Қытай  және  Тәжікстанмен бірлескен   қорлардың     жұмысы  туралы  әңгімелеп берді. Осыған  байланысты, Герцог    қазақстандық   қаржылық құрылымдарға    Люксембург сарапшыларының  көмегін  ұсынды    және    өз Үкіметіне  Люксембург  пен  Қазақстанның   қаржылық орталықтарын жақындастыру   жөніндегі  жұмысты күшейтуді    тапсырмақ   ниетін      айтты.

Елші   Е.Өтембаев өз кезегінде,  тең  құқылы  және   өзара тиімді серіктестік қатынастарды     арттыруға  деген     талпынысы  үшін  Люксембург басшылығына алғысын білдірді.

Соңғы жаңалықтар