07:30, 29 Сәуір 2011 | GMT +5
Қазақстан елшісі Испания үкіметі кеңсесінің бас хатшысымен кездесті
АСТАНА. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан Елшісі Ерғали Бөлегенов Мадридте Испания үкіметі кеңсесінің бас хатшысы Бернардино Леонмен кездесті,

деп хабарлады еліміздің сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлардың дайындық барысын талқылады.
Жоғары лауазымды испан шенеунігі президенттік сайлаудың табысты өтуімен құттықтады және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен үздіксіз байланысты тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде жүргізіліп келе жатқан қазақстандық демократияның жетістіктеріне жоғары баға берді. Ол Испания үкіметінің Қазақстанды Орталық Азиядағы өзінің негізгі және стратегиялық серіктесі ретінде қарастырып отырғанын атап көрсетті.