Қазақстан Елшісі Катардың Кеден және айлақтар бойынша бас ұйымының төрағасымен кездесті

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Дохада Қазақстан Елшісі Азамат Бердібай Катар Мемлекетінің Кеден және айлақтар бойынша бас ұйымының төрағасы Ахмад Бен Әли Әл-Муханнадимен кездесті,
None
None
деп хабарлады ҚазАқпаратқа сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен. Кездесу барысында Қазақстан елшісі Катар тарабына ағымдағы жылы сәуірдің 29-ында Астанада өтетін Азиядағы ынтымақтастық жөніндегі диалогқа мүше елдердің І көлік форумына шақырды. Қазақстан дипломаты біздің елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалар туралы әңгімелеп берді. «Қазақстан 2030» Ұзақмерзімдік даму стратегиясы негізіндегі мемлекеттік даму бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы Катар өкілінің назарын ерекше аударды. Катардың Кеден және айлақтар бойынша бас ұйымының төрағасы Қазақстан Президентінің ағымдағы жылы наурыздың 6-сында жасаған «Дағдарыстан ? дамуға» деп аталған биылғы Жолдауының негізгі тарауларымен таныстырылды. Онда көрсетілген экономиканы әрі қарай дамыту мен елдің дағдарыстан кейінгі дамуын қамтамасыз ету үшін еңбекпен қамту стратегиясын жүзеге асырудың жаңа жоспарымен танысты.
Соңғы жаңалықтар