Қазақстан елшісі мен Валлон өңірінің Экспортты және инвестицияларды қолдау агенттігінің директоры ынтымақтастық келешегін талқылады

БРЮССЕЛЬ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Қазақстан мен Бельгияның арасындағы сауда-экономикалық серіктестікті кеңейту мақсатында Қазақстан Елшісі Ерік Өтембаев Валлон өңірінің Экспортты және инвестицияларды қолдау жөніндегі агенттігінің (AWEX) бас директоры Филипп Суиненмен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Әңгіме барысында атап көрсетілгендей, 2006 жылдың желтоқсан айында өткен Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың Брюссельге сапары екіжақты ынтымақтастықтың дамуына қуатты серпін болып отыр. Сол жолы жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерге сәйкес 2007 жылдың мамыр айында Астана мен Алматыға Бельгияның барлық үш өңірінің үлкен бизнес-делегациясы келіп кетті. Ағымдағы жылы күзде Қазақстанға Антверпен провинциясының губернаторы бастаған өкілетті делегацияның жолы түспек. Тараптар бұл шараларды Бельгияның мұрагер бекзадасы Филипптің 2010 немесе 2011 жылы біздің елімізге жасайтын ресми сапарының дайындық кезеңдері ретінде қарастырып отыр. Қазақстан Елшісі AWEX басшысын еліміздегі экономикалық ахуалмен және дағдарысты еңсеру жөніндегі Үкіметтің шараларымен таныстырды.
Соңғы жаңалықтар