Қазақстан Елшісі республиканың Австралиядағы Құрметті консульдығын ашты

АНА.  Қарашаның  2-сі. ҚазАқпарат -  Бүгін    Австралияның  Перт қаласында (Батыс  Австралия штаты)   Қазақстанның осы елдегі  Төтенше  және   Өкілетті Елшісі   қызметін   қоса атқарушы  Ерлан  Баударбек-Қожатаев   Қазақстан  Республикасының Австралиядағы   Құрметті консульдығын  ресми  ашты,
None
None

 деп хабарлады  сыртқы саясат  ведомствосының баспасөз қызметінен.

 Салтанатты рәсімге Батыс  Австралия  штатының  ресми тұлғалары мен  іскер топ өкілдері    қатысты. Сыртқы  істер  және  сауда министрлігінің Батыс  Австралиядағы өкілдігінің басшысы Филлип Алларз  өз сөзінде,  Қазақстанның  соңғы жылдары  қол жеткізіп  отырған      экономиканың    өсу  қарқынындағы  айтулы   ілгерілеушілікті   атап көрсетті. Қазақстанның аймақтағы қауіпсіздікті   нығайту  саласындағы   күш-жігері мен      алдағы Еуропадағы   қауіпсіздік  және   ынтымақтастық  ұйымына төрағалық  ету міндетіне   ерекше    тоқталды.  Екі елдің геосаяси   жағдайларының  ұқсастығын  атап  көрсеткен    австралиялық дипломат,    индустриялық   және инфрақұрылымдық даму, сондай-ақ ауыл шаруашылығы   сияқты салалардағы  өзара   тиімді   қатынастарды әрі  қарай дамытуға әлеуеттің  молдығына сенім білдірді.

 Құрметті  консул  қызметіне  «Central Asian Resources»  компаниясының   басқарушы  директоры  және  президенті  Джейсон Стрибинскис тағайындалды.

 Батыс Австралия   -  жасыл  құрлықтың   үштен бір бөлігін алып жатқан  аймақ.  Штаттың   негізгі экономикалық бағыты    кен өндіруші  және мұнай  өндіруші сала,  сондай-ақ аграрлық сектор болып табылады.

Соңғы жаңалықтар