07:56, 05 Сәуір 2010 | GMT +5
Қазақстан Елшісі Тәжікстанның Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасарымен кездесті -Душанбе
АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасның Елшісі Әбутәліп Ахметов сәуірдің 2-сінде Душанбеде Тәжікстанның Халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Сафар Сафаровпен кездесті,
деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметіне.
Кездесу барысында С.Сафаров, Қазақстанның 2010 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалығы Орталық Азия аймағы үшін маңызды халықаралық оқиға екенін атап көрсетті.
Оның пікірінше, «ЕҚЫҰ Саммитінің күн тәртібіне енгізілген қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелердің қатарында аймақтық ықпалдастық, толеранттылық мәселелерінің де қарастырылатыны, Тәжікстан үшін өте маңызды».