Қазақстан Энергетикалық хартияны рәсімдеуді ұсынады - министр Е.Қазыханов

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов IV Астаналық экономикалық форумға қатысып жатқан БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Еуропалық экономикалық комиссияның хатшысы Ян Кубишпен кездесті.
None
None

Кездесу барысында тараптар энергетика, көлік, сауда және қоршаған ортаны қорғау салалары бойынша Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқыға салды. Е.Қазыханов Орталық Азия елдерінің экономикалары үшін әзірленген БҰҰ-ның арнайы бағдарламасын дамыту қажеттігіне тоқталып, Арал теңізі мәселесін, ауыл шаруашылығы саласындағы су тапшылығын азайту, сондай-ақ барлық Орталық Азия республикаларының мүддесі үшін су проблемасын шешу мәселесін ерекше атап өтті. Өзара пікір алмасу барысында министр Е.Қазыханов энергетикалық қауіпсіздік саласындағы жаңа бастамаларды қарастыруды көздейтін комиссия (ЕЭК) жанындағы Сарапшылардың үкіметаралық бейресми жұмыс тобының жиынын өткізу ұсынысын қолдап, Қазақстанның осы жұмыс тобының қарауына Еуроодақ елдерімен рәсімделетін Энергетикалық хартияны ұсынатындығын жеткізді. «Осы құжат энергия ресурстарын еуропа нарықтарына жеткізудің тұрақтылығын қамтамасыз етпек», - деп атап көрсетті министр.

Соңғы жаңалықтар