Қазақстан этносаралық және дінаралық ынтымақтастық пен төзушіліктің жоғары деңгейі үшін мақтауға лайықты - БҰҰ сарапшысы

АЛМАТЫ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Аз ұлттардың істері жөніндегі тәуелсіз сарапшысы Гей Макдугаллдың Қазақстанға ресми сапарының қорытындысы бойынша алдын ала есептің мазмұны бүгін белгілі болды,
None
None

 деп хабарлады БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметінен.

 Шілденің 6-15-і аралығында Қазақстан Үкіметінің шақыруы бойынша өткен сапар барысында тәуелсіз сарапшы Астана және Алматы қалаларында болып, аз ұлттардың істерімен айналысатын Үкімет өкілдерімен консультациялар өткізді. Гей Макдугалл ханым сондай-ақ этномәдени қауымдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, журналистермен және аз ұлттардың өкілдерімен жүздесті. Бұл сапар сарапшыға БҰҰ-ның Аз ұлттарға қатысты декларациясын орындау мандаты аясында диалог жүргізуге мүмкіндік берді.

 «Қазақстан Үкіметі мен халқы қоғамдағы ұлысаралық және дінаралық ынтымақтастықтың, төзушіліктің жоғары деңгейі үшін мақтауға лайықты», делінген - БҰҰ-ның Аз ұлттардың істері жөніндегі тәуелсіз сарапшысы Гей Макдугаллдың есебінде.

 Қазақстанда 130-ға жуық ұлт өкілдері тұрады. Үкіметтің аз ұлттар мәселесі бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары сөзсіз, елдегі тұрақтылықты, тыныштықты, ұлттарға деген құрметті қамтамасыз етіп отыр.

 Тәуелсіз сарапшы әңгімелескен аз ұлттардың өкілдері жалпы алғанда, жеке секторда қамтылу, қоғамдағы өзара қарым-қатынастағы қызметтерге қолжетімділік тұрғысынан салыстырмалы теңдік жағдайында өмір сүріп жатқандарын мәлім етті.

 Есепте сонымен бірге, Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстандағы бірегей мекемесі мен билік құрылымының ажырамас бөлшегі болып табылатындығы атап көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар