Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы сенімді көпірге айнала алады - Д.Штерн

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Хорватия-Қазақстан» достық ұйымының төрағасы, Загреб мэрінің кеңесшісі Давор Штерннің айтуынша, Қазақстан Еуропа мен Азия арасындағы берік көпірге айнала алады.
None
None

«Іскер адам ретінде, Қазақстанның «Жаңа Экономикалық Саясатының» жалпы алғанда бизнес пен экономиканың дамуына бағытталуын ұнатып отырмын. Менің ойымша, «Нұрлы жол» бағдарламасында ел экономикасының барлық салалары, және ең бастысы - экономиканың қозғаушылары болып табылатын көлік пен логистика, энергетика, өнеркәсіп салалары қамтылған. Ең бастысы - әрбір экономиканың қантамырлар жүйесі болып келетін қаржыға көп көңіл бөлінген.

Ұлттық қордан «Жаңа Экономикалық Саясат» аясында бөлінген қаржыны дұрыс әрі ұқыпты үлестіру жағдайында Қазақстан әлемдік экономиканың мойындалған елі және Еуропа мен Азия арасындағы берік көпірге айнала алады», - деп есептейді Д. Штерн.

Соңғы жаңалықтар