Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық тұсында өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруда - шетел басылымдары

СТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық тұсында өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруда. Бұл шетелдіктердің еліміздің халықаралық ұйымға төрғалық ету жұмысына берген бағасы.
None
None

Чехияның «Хело Новини» басылымына мақала жариялаған Денис Новицкийдің сөзіне қарағанда, саяси болжамдар жасауға құмар сарапшылар мен талдаушылардың назары қазір тап осы мәселеге, яғни Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығына ауып отыр. «Шын мәнінде бұл халықаралық ұйымның тарихындағы бұрын -соңды болмаған жағдай. Халқының басым бөлігін мұсылмандар құрайтын, Шығыс әлеміндегі ең ықпалды мемлекеттердің бірі Қазақстан бүгін халықаралық деңгейдегі қуатты құрылымдардың бірін басқару жауапкершілігін мойнына алып отыр. Қазақстанда адам құқықтарының бұзылуына байланысты ақпараттар ауық-ауық көрініс тауып отырады. Соған қарамастан ЕҚЫҰ-ның өкілдері бұл елді халықаралық ұйымның төрағасы етіп сайлаудан қорықпаған. Себебі, демократиялық үрдістері әлі толық қалыптаса қоймаған елдегі құқық мәселесіне байланысты жағдайлар ақпарат құралдары жабыла жариялап жатқандай принципті емес. Әйтпесе, ішкі қайшылықтардың салдарынан соңғы уақытта онысыз беделіне біршама нұқсан келе бастаған халықаралық ұйымның әлем алдындағы мәртебесін түп тамырымен жоқ етуге ешкім де ықылас танытып отырған жоқ», дейді мақала авторы.

Оның пікірінше, Қазақстанға біреулер айтып жүргендей ЕҚЫҰ-ын басқару белгілі бір жеңілдіктер арқылы ғана берілді деген күннің өзінде бұл ұтымды қадам болды. Өйткені, халықаралық құрылымның басшылығына өзге емес, тап Қазақстанның сайлануы Батысқа Шығыстың, ал Шығысқа Батыстың қажеттігінен туындап отыр. Осыған қарай қазір Қазақстан алғаш рет аталмыш құрылымның қызметін еуразиялық көзқараспен жүргізуде. Бұл бүгінгі қалыптасқан геосаяси жағдайдаға өте тиімді. Қазақстанның тарихы мен бүгінгі елде жүргізіп отырған саясаты үлкен тәжірибе. Ал ЕҚЫҰ-на мүше 56 мемлекеттің арасында жаңа пікір қайшылықтары қалыптасып отырған жағдайда осы қайшылықтарды екі жақтың да мүддесін ескере отырып, келісімге келтіретін әділ сот қажет. Қазақстан осы жауапты да абыройлы міндетті мойнына алды. Қазақстанның өз елінде ЕҚЫҰ-на мүше мемлекеттердің саммитін өткізу бастамасы осының жарқын дәлелі.

«Бұл бастамаға қатысты пікірін ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо былайша білдіреді: «Биылғы жыл өте күрделі болғалы тұр. Себебі біз Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы тұсында көтеріп отырған халықаралық ұйымның саммитін өткізу жөніндегі бастамасы бойынша алдыға қойылған мақсаттарға тиімді қол жеткізуіміз керек. Саммиті өткізу ұсынысын қолдаушылар саны күн өткен сайын артып келеді. Мен аталмыш жиынның біз үшін пайдасы зор болатынына және халықаралық ұйымды барынша танып, білуге және оның әлеуетін арттыруға зор көмегін тигізетініне сенімдімін», дейді Бас хатшы. Ал Испанияның Қазақстандағы елшісі Альберто Антон Кортес ЕҚЫҰ-ның төрағасы Қанат Саудабаевпен кездесуі барысында «Біз жоғары деңгейдегі кездесулерді әрқашан қолдаймыз. Ал алдағы болатын жүздесу ауқымды мәселелерді қамтуы тиіс. Бізге консенсуске негізделген арнайы бағдарлама қажет. Осының барлығы жанкешті еңбекті, тұрақты келіссөздер мен саяси диалогты қажет етеді», дейді.

Сарапшылардың пікірлерінше, саммиттің ауқымды тақырыбы халықаралық ұйымның барлық проблемаларын толық қамтуы тиіс. Оның үстіне, Ауғанстандағы жағдай мен оның халықаралық деңгейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен «Корфу үдерісінің» болашағына қатысты жағдаймен байланысты сарапқа салатын кез жетті.

Осы ретте айта кететін мәселе, Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық тұсындағы «Сенім», «Дәстүр», «Транспаренттілік», «Төзім» сияқты ұрандарына артылып отырған үміт зор», дейді Денис Новицкий.

Одан әрі ол мақаласында көтерген мәселелерді былайша өрбітеді: «ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігінің басшысы Александр Кельчевский Қазақстанның төрағалығына байланысты бағдарламаның таныстырылу рәсімінің өте жоғары деңгейде өткендігін айтып, халықаралық ұйымның 2010 жылғы қызметіне жаңа тың серпіліс бергендігін атап өтті. «Енді Қазақстанға осы бағыттағы жұмыстарды жандандыра отырып, аталмыш ұйымның тарихының жаңа бетін ашуы керек», деді ол. Осы ретте Қазақстанның беделді ұйымға төрағалық етуіне оның басшысының халықаралық деңгейдегі бастамаларының ықпал еткендігін айта кету керек. Қазақстан Кеңес одағы ыдыраған соң алғашқылардың бірі болып, ядролық қарудан бас тартып, Семей ядролық сынақ алаңын жапты. «Сапфир» жобасының аясында бұл республикадан әскери мақсаттарға бағытталған байытылған уран да шығарылды. Қазақстанның ақылға қонымды бастамалары әлемдік қауымдастықтың игілігіне бағытталған қадам. Оның дәлелі Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төраға болып тағайындалуы», деп қорытады сөзін мақала авторы.

Соңғы жаңалықтар