15:00, 17 Сәуір 2013 | GMT +5
Қазақстан-фин бизнес форумында «жасыл экономика» саласындағы әріптестік туралы декларация қабылданбақ
АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстан-фин бизнес форумында «жасыл экономика» саласындағы әріптестік туралы декларация қабылданбақ. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге бірінші мемлекеттік сапармен келген Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кеңейтілген құрамдағы кездесуден кейінгі бірлескен баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Біз бүгінге жоспарланып отырған Қазақстан-фин экономикалық форумына, «жасыл экономиканы» дамытудағы әріптестік декларациясын қабылдауға зор маңыз береміз», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Елбасы бұл мәселенің «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің болашақ энергетиканы дамыту тақырыбында елордада өтетіндігіне байланысты барынша өзекті екендігін ерекше атап өтті.