Қазақстан Финляндияның өте маңызды сауда әріптесі болып қала береді- П.Вяйрюнен

аурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан Финляндияның өте маңызды сауда әріптесі болып қала береді. Бүгін Астанада өтіп жатқан «Финляндия экономикасының Қазақстандағы күндері» атты бизнес форумда Финляндияның Сыртқы сауда және даму министрі Пааво Вяйрюнен осылай мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі елдің келешекте коммерциялық өзара қарым-қатынастарды дамытудағы әлеуеті зор екенін айтқан П. Вяйрюнен: «Финдік бизнес қоғамдастықтың тарапынан Қазақстанға қызыушылық өте жоғары. Бұған мынадай фактілер дәлел бола алады: осы сапарда менімен бірге Қазақстанға түрлі компаниялардың 50-ден астам өкілдерінен тұратын танымал бизнес делегация келді. Делегацияның құрамында Финляндия көшбасшы болып табылатын экологиялық технология, білім, телекоммуникация, қағаз өнеркәсібі, орман өнеркәсібі сынды салалардың өкілдері бар. Сондай-ақ делегация құрамында энергетика, инжиниринг, банк секторының өкілдері де бар», деді.

Оның пікірінше, кеше Астанада ашылған Финляндияның Қазақстандағы елшілігі екі ел арасындағы сауда-саттық байланыстарды дамытуға, сондай-ақ екі ел Үкіметтерінің, азаматтарының арасындағы өзара қарым-қатынастарды күшейтуге жәрдемдесе алады. «Қазақстан әлемдегі барынша бәсекеге қабілетті елдердің бірі болуды көздеп отыр. Біздің делегация Қазақстанға келешек күндерді қамтыған күн тәртіптеріңізді және Финляндия мен финдік компаниялары қай тұста маңызды рөл атақара алатынын білу үшін келіп отыр», деді ол. «Президент Назарбавтың Финляндияны Қазақстан үшін үлгі алатын ел ретінде мойындағаны біз үшін зор құрмет. Біз мойнымызға осы күрделі міндетті алғымыз келеді және бизнесті жүргізу аясында жаңа инновациялық шешімдерді әкелуді жоспарлап отырмыз», деп тұжырымдады өз сөзін министр.

Соңғы жаңалықтар